/ МҮМКІНДІКТЕР /
Басқаларға жақсылық сыйлаңыз
Өз армандарыңызға жетіңіз және өміріңізді мәнді және мағыналы ету үшін айналаңыздағылармен керемет мүмкіндіктермен бөлісіңіз.
Неліктен Инфинитус?

Инфинитустың саяхаты арман ретінде басталып, оның миссиясы себепті әлі де жалғасып келеді. 20 жылдан астам дамуы барысында біз құнды тәжірибе жинақтадық. Өз тәжірибемізге сүйеніп отырып біз көптеген қиындықтарды еңсердік, сонымен бірге оңтайлы нәтижелерге жетуге тырысып отырдық. Инфинитустың артықшылықтары біздің тәжірибелілігіміздің тікелей нәтижесі.

Корпоративтік мәдениет
Инфинитустың "Си Ли Джи Рен" (әрекет етпес бұрын барлығының мүдделерін ескеру) деп аталатын өзінің бірегей корпоративтік мәдениеті бар. Ол біздің негізгі құндылығымыз және "Тұрақты кәсіпкерлік" Инфинитустың корпоративтік рухы. Екеуі де бірнеше мың жылдық тарихы бар қытай мәдениеті дәстүрлерінің болмысын қамтиды. Ғасырдан астам уақыт бойы жинақталған даналығымен Ли Кум Ки әрбір адам пайда таба алатын, екі жаққа да ұтымды жағдай қалыптастыра отырып копания мен оның серіктестері бірге өсіп, дами алатын компания мәдениетін орнатты.
Денсаулық тұжырымдамасы
Инфинитус өзінің "Іштен нәр ала отырып, салауатты өмір сүр" деп аталатын бірегей денсаулық тұжырымдамасын ойлап шығарды. "Үш сауығу және төрт әдетке" негізделген, және Янг Шэньнің мыңжылдық мәдениетінің артықшылықтарынан бастау алған Инфинитус, қала тұрғындарының салауатты өмір салтына деген талпыныстарын тиімді қанағаттандыру үшін, заманауи қоғамды оңай және қолданбалы әдістерімен қамтамасыз етіп отыр.


Денсаулыққа арналған өнімдер
Инфинитус өз өнімдерінің сапасын копанияның болмысы ретінде қарастырады және өндірістік тізбектің барлық сатысында қауіпсіздік пен сапа бақылау жүйесін орнатқан. Нәтижесінде Инфинитус нарықта мықты беделге ие бола білді. Кэмбридж университеті, Ғылыми зерттеулерге арналған Францияның ұлттық орталығы, Қытай ғылым академиясының Шанхай дәрілік заттар институты секілді атақты институттармен серіктесе отырып және Нобель сыйлығының лауреаты профессор Жюль Офманды ғылыми кеңесші ретінде тарта отырып Инфинитус денсаулық сақтау және сауықтыру нарығындағы тұтынушылардың сапалы қытай емдік шөптеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Инфинитус көптеген патенттелген технологияларды дамытты, олардың қатарында халықаралық нарықта танымал болған "Күрделі полисахаридтер" бар. Денсаулық тонигі Инфинитустың қолтаңба өнімі, онда күрделі полисахарид технологиясы пайдаланылады және ол тұтынушылар арасында 20 жыл бойы танымалдылыққа ие және сенімді болып келеді. Оған қоса Инфинитус таблетка, ұнтақ, тоник секілді әртүрлі формадағы өнімдерді шығару арқылы әртүрлі сұраныстары бар тұтынушыларға ең оңтайлы тәжірибелерді ұсынуға ниетті.
Брэнд құндылығы
Инфинитус сатушылар құрамымен жоғары адалдық және сенімділік негізінде серіктесіп жұмыс жасайды. Инфинитус қоғамда сенімді брэнд ретінде ерекше абырой мен оң корпоративтік бейне қалыптастыра білді. Брэндтің нарықтағы құны 65,869 млрд юаньді құрайды және Қытайдың ең бағалы 500 брэндтерінің ішінде 45 орынды иеленеді, сондай ақ алғашқы елулікке ілінген жалғыз қытайлық емдік шөп өндірушісі болып табылады. Брэндтің нарықтағы құны Adidas, Rolex, Sony, және Cartier секілді танымал әлемдік бреэндтермен тең түседі.


Компанияның күші
Инфинитус денсаулыққа арналған тауарлар индустриясында айрықша басмдыққа ие, бұған оның тауарларының кең түржинағы, брэндтің танымалдығы, негізгі технологиялары мен өндірістік платформалары да кіреді. Инфинитус көптеген нысандарға иелік етеді, олардың қатарында Синьхуа мен Инкоудағы екі өндірістік база, Гонконгтағы инфинитус Палаза, Гуанджоудағы Инфинитус орталығы және Инфинитус Плаза, Шанхайдағы Инфинитус Тауэр бар. 2017 жылы Инфинитус орталық Лондондағы Фенчерч көшесінде орналасқан айрықша коммерциялық ғимаратты 1,28 млрд фунт стерлингке сатып алды (шамамен 1,7 млрд АҚШ доллары) 20 жыл дамудан кейін Инфинитус Қытай нарығында ерекше қаржылық нәтижелерге жетті. Оған қоса компания әлемдік тікелей сатылым нарығындағы айқын көшбасшы ретінде мойындалды. 2019 жылы Инфинитус 4,5 млрд доллар жылдық кірісімен 2019 жылғы DSN Global 100 рейтингісі бойынша 4 орынды иеленді. Қазіргі таңда Инфинитус бүкіл әлем бойынша кеңселерін ашуда. Ол қытай емдік шөп өнімдерін зерттеу, дамыту және сату бойынша жетекші орынды иелік етуді жалғастыруда.

Тұтынушылар мен компания біртұтас
Инфинитус әрқашан "Тұтынушылар мен компания біртұтас" деген іскерлік философияны ұстанып келеді. Бұл философия сонымен қатар брэндтің тұрақты дамуының жеңіс формуласы болып табылады. Инфинитус компания және сауда агенттері, сонымен қатар Іскерлік Кеңес Комитеті арасында тиімді байланыс каналдарын орнатты. "Тұтынушылар мен компания біртұтас" философиясы Инфинитусқа нарықта болып жатқан өзгерістерге жылдам жауап қатуға, сауда агенттерімен кері байланыс онатуға және ұсыныстарын жинақтауға және осы арқылы олардың қажеттіліктеріне мұқият жауап беруге мүмкіндік береді. Біз сауда агенттеріміз үшін жоғары деңгейлі сенімділік пен тиімділік ортасын құруды, олардың қатыстылық сезімін жоғарылатуды, екі жаққа да ұтымды жағадаяттарды құруды көздейміз. Инфинитуста біз ортақ мақсаттарды көздеп, күш-қуатымызды оңтайландыру үшін бірігіп жұмыс атқарамыз.

Жеке қанағаттанушылық
Өзініңіз қызығатын нәрседен қанағат табыңыз және жеке мақсаттарыңызға жетіңіз.

Халықаралық мүмкіндіктер
Шет елдерде оқу мүмкіндіктеріне қатысыңыз

Қаржылық дербестік
Басқаларға денсаулық пен бақытқа қарай жылжуға көмектесе отырып қаржылық дербестікке қол жеткізіңіз.

Гүлденген қауымдастық
Қауымдастықтың мүшесі болып ортақ мақсаттарды көздейтін жаңа достар табыңыз